“Асыл Мура” халық ансамблінің есептік концерті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 маусым “Достар” МС-нда “Асыл мұра” халық би ансамблінің есептік концерті өтті. Аталмыш би ансабліне 3 пен 20 жас аралығындағы 80-ге жуық бала қатысады. Оның қызметінің негізгі бағыты – халық билерін орындау.

Балалар би ұжымы қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпазы. Ансамбльдің негізін қалаушы және тұрақты жетекшісі Дина Орманшина.

-Мен өз жұмысымның басты мақсаты – шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға дайын жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру деп санаймын. Мен әр баланы түсінуге және сезінуге, оның шығармашылық әлеуетін ашуға тырысамын, – дейді Дина Балташқызы.

Педагог-хореограф ретінде ол хореографияның заманауи жетістіктерін пайдаланып, би шығармашылығына қазақ халқының көркем мәдениетінің элементі ретінде қарайды.

Өзінің есептік концертінде би ұжымы қазақ, классикалық билермен қатар өзбек, ұйғыр халықтарының ұлттық билерін орындады. Орта және кіші топтардың орындауындағы “Ретро” стиліндегі керемет жарқын би композициялары көрермендердің зор қошеметіне бөленіп, аса ықыласын баурап алды. Осындай тамаша өнердегі кеш тез және байқалмай өтіп кеткенімен, көрермендердер жас таланттардың орындаушылық шеберлігіне ұзақ уақыт бойы қол шапалақтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1009393?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді