Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызының ағымдағы жылдың 29 мамырындағы Келес ауданына жұмыс сапары «Абай» Келес аудандық ауруханасы” МКК-нің ұжымымен кездесуге негізделді.
Кездесу Департаментпен бекітілген Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында Түркістан облысы аумағындағы кәсіпорындарда еңбек заңнамаларының талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуге арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып отырғандығын түсіндіре отырып, «Абай» Келес аудандық ауруханасы” МКК-нің қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларын сақтау мәселелерін тарқатып өтті.
Сонымен қатар, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулар деңгейін төмендету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатынын, еңбек заңнамалық талаптарына қатысты еңбек қауіпсіздігі мәселелерін тарқата отырып, өңірдегі кәсіпорындардағы орын алатын жазатайым оқиғаның және жұмысқа байланысты кәсіби аурулардың салдарынан көз жұмған жұмыскерлердің пайыздық көрсеткіштеріне талдау жасады.
Кездесу соңында МЕИ аурухана қызметкерлері тарапынан еңбек қатынастарына қатысты қойылған сұрақтарға заңға сәйкес жауап берді.
Жауап қалдыру