
Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологияолық бақылау департаменті басшысының 2025 жылғы 26 мамыр күнгі №145 бұйрығына сай Департаменттің инфекциялық және паразитті ауруларды бақылау бөлімі жылдық жұмыс жоспары негізінде ағымдағы жылдың 30 мамыр күні Маман күні өткізілді.
Маман күніне аумақтық басқарма 12 мамандары қатысты. Күн тәртібіне сай Департамент басшысы орынбасары Н. Муликова маман күнін ашып, инфекциялық және паразитті ауруларды бақылау бөлімінің басшысы Н. Тасжурекова облыс бойынша инфекциялық және паразитті аурулардың эпидемиологиялық жағдайын айтып, мемлекеттік тапсырыстың жоспарын құру, орындау бойынша мәселелерді көтеріп, шешілуі бойынша ұсыныстар айтылды.
Бөлімнің бас маманы Н. Сапарбаева жіті ішек инфекциялары, жіті паралич және вирусты гепатиттер эпидемиологиялық жағдайы және жыл ішінде туындаған мәселелер туралы атап өтті.
Бөлімнің бас маманы Г. Жумашова қызылшаның, көкжөтелдің, менингококкты инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы және 2025 жылдың 4 айында екпемен қамту көрсеткіштері бойынша баяндады.
Сонымен қатар, Департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Л. Жанаева тергеп-тексеру жүргізу кезіндегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарының жұмысындағы кемшіліктер, шешуді қажет ететін мәселелер бойынша баяндады.
«Ұлттық сараптама орталығы» Жамбыл облысы бойынша филиалының бактериологиялық зертахана меңгерушісі Б. Бердалиева және вирусологиялық зертхана дәрігері Ж. Мұрат мемлекеттік тапсырысты орындау және жоспарлау кезіндегі мәселелер бойынша баяндап өтті.
Кеңес соңында басқарма мамандарының жұмыс барысында туындаған сұрақтарына жауап беріліп, тестілеу жүргізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/1010096?lang=kk

Жауап қалдыру