🔰Табиғатты аялау – ортақ міндет. Талас өзені жағасында экологиялық сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹️5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен Талас өзені жағасында экологиялық акция – сенбілік ұйымдастырылды.

🔹️Табиғатты қорғауға бағытталған шараға 300-ге жуық адам белсене қатысып, нәтижесінде өзен жағасынан 3 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс шығарылды. Бұл бастама өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

🔹️Акцияның маңыздылығы – өскелең ұрпаққа табиғатты сүюді, оны қорғап-қадірлеуді үйрету. Мұндай игі шаралар жастарға экологиялық тәрбие беріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың жарқын үлгісіне айналады.

🔹️Табиғатқа деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған мұндай бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1009945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді