
20 сәуір мен 20 маусым аралығында елімізде ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты кең ауқымды акция өтуде.
Аталған акция аясында Атырау қаласы полиция басқармасының Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның жолын кесу және оны болдырмау бағытында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар азаматтар көп шоғырланатын орындарда және қоғамдық көліктерде өтті. Акция барысында тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, көмек қызметтерінің байланыс нөмірлері көрсетілген ақпараттық плакаттар ілінді.
Сонымен қатар, отбасындағы зорлық-зомбылықтың жол берілмейтіндігі туралы ескерту жасалды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1009845?lang=kk

Жауап қалдыру