
2025 жылғы 29 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ Смирнов ауылының үш жерінде, яғни:
Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО)
Мәдениет үйінде
Аудандық емханада тұрғындарға тегін кеңес берді.
ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті СҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А. М. Валеев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың жұмысы аясында халыққа ҚР еңбек заңнамасы бойынша заңгерлік кеңес берді.
Жобаның мақсаты азаматтарға, әсіресе, шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ мүмкіндігінше заңнама аясында өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешу болып табылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-enbek/press/news/details/1009832?lang=kk

Жауап қалдыру