
Бүгін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті, онда Макинск қаласы мен ауылдық округтердің 2024 жылға арналған бюджетін атқару мәселесі егжей-тегжейлі қаралды. 2024 жылы бағдарламалардың іске асырылуы және бөлінген қаражаттың пайдаланылуы туралы ақпаратты ұсына отырып, қала әкімі мен ауылдық округ әкімдері есеп берді.
ТКШ бөлімінің басшысы А.А. Есимов бөлімнің 2024 жылғы кезеңдегі абаттандыруға, инфрақұрылымды күтіп ұстауға және коммуналдық қажеттіліктерге бюджеттің жұмсалғаны туралы баяндады.
Сондай-ақ, отырыс барысында экономика және қаржы бөлімі басшысының м.а. аудандық бюджет комиссиясын құру туралы мәселе көтеріп, комиссияның құрамы мен ережесін түсіндірді.
Отырыс қорытындысы бойынша депутаттар тұрақты комиссияның қаулылары мен ұсынымдары түрінде ресімделетін нақты ұсынымдар мен ескертулерді айтты.
Аталған мәселелер аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібіне шығарылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bulandy/press/news/details/1009729?lang=kk

Жауап қалдыру