Таза табиғат – жарқын болашақ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында өткен жалпықалалық сенбілікке белсене атсалысып, Семей қаласының тазалығы мен көркеюіне үлес қосты.

Басқарма ұжымы мен қарасты мекемелердің қызметкерлері қаланың түрлі аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, қоршаған ортаға деген қамқорлықтарын нақты іспен көрсетті. Бұл сенбілік – жай ғана тазалық шарасы емес, туған жерге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.

Мұндай бастамалар арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырып, жас ұрпаққа табиғатты аялау мен қорғаудың маңызын жеткізу – басты мақсатымыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1009728?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді