БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Бірліктегі күш» веложарысын қолдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында «Бірліктегі күш» ұранымен веложарыс ұйымдастырылды. Бұл шара өңір тұрғындарын салауатты өмір салтына, заңдылық пен әділдікке ұмтылуға үндеді.

Іс-шараны құқық қорғау және мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер мен жастар қозғалыстарының белсенді қатысуымен ұйымдастырды.

Негізгі қатысушылардың бірі – Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет болды. Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, әсіресе, жастар мен балалар арасында азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған бастамаларды жүйелі түрде қолдап келеді.

Шара ерекше маңызға ие болды, өйткені ол балаларға-біздің болашағымызға арналды. Веложарыс тек спорттық жарыс қана емес, сонымен бірге жас қатысушылар ересектердің үлгісінде адалдық, заңға бағыну және азаматтық белсенділік құндылықтарын көре алатын маңызды тәрбиелік алаңға айналды.

Веложарысқа мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, оқушылар, студенттер, еріктілер және қала тұрғындары қатысты.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлықпен күрес ең алдымен өскелең ұрпақты адалдыққа, заңға құрметке және азаматтық борышты сезінуге тәрбиелеуден басталатынын атап өтті. Осыған байланысты жастармен алдын алу, ағарту және оларды белсенді тарту жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.

Мұндай іс-шаралар – бала құқықтарын қорғау, заңның үстемдігін қамтамасыз ету және ел болашағына жауапкершілікпен қарау қағидаттарына негізделген әділ, ашық әрі салауатты қоғам құру жолындағы маңызды қадам болып табылады.

Департамент алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды нығайтуға, құқықтық сананы арттыруға және тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде белсенді, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларды қолдай бермек.

#Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-bko/press/news/details/1009692?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді