
Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жобаны іске асыру шеңберінде Алматы-2 теміржол станциясына Қытайдың Сиань қаласынан алғашқы туристік пойыз келді. Халықаралық пойыздың жолаушылары ҚХР мемлекеттік құрылымдарының, медицина, ғылым, мәдениет және спорт өкілдері болды.
Халықаралық пойыз Қазақстан Республикасының аумағына «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы, одан әрі – Алтынкөл теміржол станциясы арқылы барды, онда Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары келген жолаушылар мен экипаж мүшелеріне қатысты санитариялық-карантиндік бақылау жүргізді. Барлығы 208 жолаушы мен пойыз бригадасының 33 мүшесі келді. Санитариялық-карантиндік бақылау жүргізу барысында дене температурасы жоғары және басқа да ауру белгілері бар адамдар анықталған жоқ. Паспорттық және кедендік бақылаудан өткеннен кейін пойыз Алматы қаласына бет алды, онда Қытайдан келген қонақтар мерекелік атмосферада қарсы алынды.
Бұл жоба теміржол туризмін дамытудағы және Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде танымал етудегі маңызды қадам болып табылады. Сонымен бірге туристік ағындарды жандандыру Мемлекеттік шекараны санитарлық қорғауды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды талап етеді. Осыған байланысты санитариялық-карантиндік пункттердің мамандары қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға байланысты ықтимал қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға үнемі дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1009665?lang=kk

Жауап қалдыру