Аққулыда шабыт пен шаттыққа толы мереке өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Аққулы ауданының орталық алаңында 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең ауқымды мерекелік шара өтті. «Қазақстан балалары» онкүндігі аясында ұйымдастырылған бұл шара балалардың бақытты күлкісіне, шабыт пен шаттыққа толы болды.

Мерекелік шараға аудан әкімі Руслан Берекеліұлы Мұқанов қатысып, балаларды айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, білім бәсекесінде облыстық және республикалық деңгейде жетістікке жеткен дарынды оқушыларды Алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттап, тәтті сыйлықтар тарту етті.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Балаларға шуақты көңіл күй мен жағымды эмоциялар сыйлау мақсатында орталық алаңда келесі іс-шаралар ұйымдастырылды:

  • ұлттық рухты ұлықтаған этноойындар;

  • қолөнер мен көркемсуретке арналған шығармашылық шеберханалар;

  • «Бақытты балалық шақ» атты ашық аспан астындағы сурет көрмесі;

  • спорттық сайыстар мен батуттағы ойын алаңдары;

  • көңілді аниматорлар шоуы.

Балалар әрбір алаңшаға белсенді қатысып, өз өнерлерін, шеберліктерін, тапқырлықтары мен ептіліктерін көрсете білді. Әрбір алаңда балалардың қуанышты күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі ерекше сезілді.

Мереке соңында балаларға балмұздақтар тарту етілді.

Бұл күн — жүректі жылытқан мейірім мен жарқын болашаққа деген сенімге толы күн болды.
Бақытты балалық шақ — бәрімізге ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1009661?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді