
🔹 ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында Ұлытау облысы Ұлытау аудандық сотының төрағасы І.А. Іргебаевпен кездесті. Кездесу барысында азаматтардың құқықтарын қорғау, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірдегі құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері талқыланды.
А.Б. Каримов өңірдегі адам құқықтарының сақталу деңгейіне қатысты бірқатар мәселелерге тоқталып, сот жүйесінің ашықтығы мен халықпен кері байланыстың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде І.А. Іргебаев аудандық соттың қызметі туралы мәлімет беріп, сот төрелігін жүзеге асыруда адам құқықтарының басымдығына ерекше мән берілетінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1010306?lang=kk
Жауап қалдыру