
Қала әкімдігінің мәжіліс залында Шалқар көлінің жағалауында демалыс орындарын және шомылуға арналған аймақтарды белгілеу мәселесі бойынша арнайы комиссия отырысы өтті.
Жиынды қала әкімінің орынбасары Қаржаубай Айтжанұлы Қалжанов ашып, жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз ету – басты міндет екенін атап өтті.
Кездесу барысында Шалқар көлінің жағалауынан арнайы шомылу орындарын белгілеу, оларды тиісті талаптарға сай жабдықтау, сондай-ақ санитарлық тазалық пен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуы жөнінде сөз қозғалды. Әсіресе, демалыс аймақтарын кәсіпкерлік негізде пайдаланатын тұлғаларға көлдің тазалығын сақтау мен шомылушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – жауапкершілік әрі міндет екені баса айтылды.
Комиссия мүшелері жазғы маусымда қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін су аймағында құтқару бекеттері, ескерту белгілері мен алғашқы медициналық көмек құралдарының болуы шарт екенін атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге санитарлық-гигиеналық талаптарды мүлтіксіз орындау қажеттілігі ескертілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aktobe-shalkar/press/news/details/1010598?lang=kk

Жауап қалдыру