Алматы облысында Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті жөндейді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Мемсараптама» РМК «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ ғимаратын күрделі жөндеу жобасы бойынша оң қорытынды берді
Мектеп Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ащысай ауылында орналасқан. Құрылыс алаңы 1964,02 м2 құрайды.
Жоба шатырды ауыстыруды, іргетасты, қабырғаларды нығайтуды, ішкі және сыртқы әрлеуді, терезелерді, есіктерді ауыстыруды, жаңа кіру топтарын, спорт және ойын алаңдары, халықтың мобильділігі төмен топтарына арналған тұрақтарын жобалауды жоспарлап отыр.
Тапсырыс беруші – «Алматы облысы Білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» ММ, бас жобалаушы – «ИКАР-СТРОЙ» ЖШС.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/933124


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді