Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің 13-отырысына қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасы көлік министрі Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көлік министрлерінің кезекті 13-отырысына қатысты. Іс-шара Иран Ислам Республикасының Тегеран қаласында өтті.

Бұл іс-шара — өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды диалог алаңы. Көлік дәліздерін дамыту, логистикалық үдерістерді цифрландыру, шекаралық рәсімдерді жеңілдету және өңірлік көлік жүйелерінің орнықтылығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық ұйымында «Өңірлік көлік байланысы мен тұрақты дамуды одан әрі ілгерілету» тақырыбымен төрағалық етуде. Инфрақұрылым, логистика және көлік саласындағы интеграция мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Көлік министрлерінің 14-отырысы 2026 жылы Астана қаласында өтеді.

Сонымен қатар көлік министрі Марат Қарабаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Тегеран декларациясы қабылданды, сондай-ақ отырыстың қорытынды есебі бекітілді.

Тараптар өңірлік көлік жүйесін қауіпсіз әрі орнықты дамыту мақсатында диалог пен келісілген іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1010571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді