Облыс әкімі төрағалығымен өткен аппараттық жиында жергілікті тауар өндірушілерді дамыту және қолдау мәселелері қаралды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібековтің айтуынша, бүгінде өңірде СТ-KZ сертификаты бар 145 кәсіпорын және Индустриялық сертификаты бар 52 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың соңынан бастап өңірлік нарықта бұған дейін облыста өндірілмеген өнімдерді шығаратын жаңа өндіріс орындары пайда болды.

Спикер Мемлекет басшысы қол қойған, отандық өндірісті және ішкі елдік құндылықты дамытуға бағытталған заңға тоқталды. Аталған заңға енгізілген өзгерістер реестрге енгізілген өндірушілерге мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуды, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігін қарастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1010459?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді