Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселесі бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 3 маусымда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және шектеулерді сақтау мәселелері бойынша семинар өткізілді. Семинарға департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл К.К. Иманғалиев төрағалық етті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының бас маманы  А.Т. Аманиязова қатысып, тақырыпқа сәйкес баяндама жасады. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерге қойылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оларды сақтау талаптары, мүдделер қақтығысын болдырмау және этикалық нормаларды ұстану мәселелері жан-жақты қарастырылды.Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау деңгейін күшейту болып табылады. Семинар қорытындысында қатысушылар тақырыпқа қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1011028?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді