ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бас маманы Айжарық Серімбетов Қарғалы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында бірқатар білім беру мекемелерінде болды.

Атап айтқанда, бас маман Бадамша агротехникалық колледжіне, Қарғалы аудандық балалар өнер мектебіне, Қарғалы ауданындағы психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетіне, Бадамша мектеп-бөбекжай-бақшасына және №2 Бадамша орта мектебіне барып, ондағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетті. Сапар барысында кәсіподақ мүшелерімен кездесулер өтіп, педагогтарды толғандырған өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының басшыларымен әлеуметтік әріптестік туралы келісім аясындағы міндеттемелер жайы қарастырылды.

Бұл сапар Қарғалы ауданындағы кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жандандыруға, педагогтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1010434?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді