
КСРО-ның Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдық мерейтойын және Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Өскемен қаласында балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шара ШҚО Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Акция студенттер мен оқытушыларды біріктіріп, ерекше қамқорлыққа мұқтаж жандарға жылулық сыйлауға мүмкіндік берді. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледж» жекеменшік мекемесінің «Ашық жүрек» еріктілер клубы болды.
Акция
- ШҚО «Өскемен қаласының мамандандырылған сәбилер үйі» КМК;
- ШҚО ББ «Үміт» балалар үйі» мекемелерінде өткізілді.
Акция аясында қатысушылар балаларға арналған кітаптар мен кеңсе тауарларын жинап, сондай-ақ түрлі жастағы балаларға арналған шеберлік сағаттары мен интерактивті бағдарламалар дайындады.
Акцияға барлығы 80-ден астам интернат тәрбиеленушілері қамтылды. Қалалық қайырымдылық «Балаларға сүйіспеншілікпен» акциясы тек жарқын оқиға ғана емес, сонымен қатар алдағы уақытта жалғастырылып, кеңейтілетін ізгі дәстүрге айналды.
Келесі колледждер акцияға қолдау көрсетіп, қатысты:
- ШҚО Абай атындағы гуманитарлық колледжі ;
- Өскемен қаласының жоғары медициналық колледжі;
- Өскемен технология және сервис колледжі ;
- Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі .
Іс-шараның басты мақсаты – ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға жылы әрі мейірімді атмосфера сыйлау, сондай-ақ жастар арасында белсенді азаматтық ұстаным, жанашырлық пен айналаға көмек көрсетуге деген ұмтылысты қалыптастыру – толықтай орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1011140?lang=kk

Жауап қалдыру