Тескеруді тағайындау актісіне сәйкес 2025 жылдың 28 мамыр күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Қазығұрт ауданында орналасқан “Қарқын-2030” ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Рауан Жұмадулаұлы Серіктестік ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында мемлекеттік еңбек инспекторы мекеме ұжымы тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау заңдылықтарына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Жауап қалдыру