🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ – ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Түркістан облысындағы жұмыс сапарының барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – Әдеп жөніндегі уәкілі Алшынбаева Өркен Болатқызы мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық тәртібін бақылау, мемлекеттік қызметтің адалдық және ашықтық стандарттарына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылдың 27 мамырында Түркістан қаласында орналасқан «Достық үйі» ғимаратында мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес отырысын өткізді.
 
🔹 Семинар-кеңеске ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Ж.Жұматай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының тергеушісі А.Серікқызы және Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері мен Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы департаментінің мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
 
🔹️ Кездесу кіріспесінде Департамент басшысы Амангелді Салхудинұлы семинарға қатысушыларды Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау бағытында консультациялық көмек көрсету мақсатында келіп отырған Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілімен таныстыра отырып, кездесудің басты мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.
 
🔹️ Департамент басшысы бүгінгі өзекті мәселенің бірі – мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен әдеп қағидалары туралы маңызды тақырыптарға қысқаша тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясатты іске асырудағы басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
 
🔹️ Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің рөлі мен жауапкершілігіне қатысты қызметтегі негізгі қағидаттар – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік және ашықтық болу керектігін шегелеп өтті.
 
🔹️ Күн тәртібіндегі Мемлекеттік қызметкерлердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп колексінің талаптарын қатаң сақтау бағытында атқарылатын жұмыстар туралы баяндау үшін алғашқы сөз кезегі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің – Әдеп жөніндегі уәкілі Алшынбаева Өркен Болатқызына берілді.
 
🔹️ Семинар барысында Өркен Алшынбаева өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің этикасын, олардың кәсіби мінез-құлқын жақсарту мен мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметкердің сынға себепкер болмауын, қызметкерлер үшін мемлекеттік қызметте әдептілік, жауапкершілік, өз міндеттерін дұрыс орындау жайлы талаптардың заңдылықтарын тарқатып өтті. Сондай-ақ, семинар тақырыбына қатысты слайдтар мен нақты оқиғаларға негізделген бейнероликтер көрсетілді.
 
🔹️ Одан әрі, сөз кезегі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Ж.Жұматайға және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының тергеушісі А.Серікқызына беріліп, олар өз тараптарынан аталмыш тақырыпқа қатысты баяндама жасады.
 
🔹️ Кездесу қорытындысы бойынша Департамент басшысы жиында айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы мемлекеттік қызметкерлердің назарына алынғандығын баяндай келе, Түркістан қаласына келіп, осы бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізгені үшін Өркен Болатқызына және семинар-кеңеске қатысушыларға шынайы алғысын білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1009279?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді