Сарысу ауданында әскери қызметке шақыру жұмыстары тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         2025 жылғы 30 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барды.

          Іс-сапар аясында басқарма басшысы Жаңатас қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмысымен танысып, мерзімді әскерге шақыру науқанының ұйымдастырылу барысы, қосалқы басқару пунктінің қызметі, сондай-ақ әскерге шақыру пунктінің ағымдағы жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықталуы зерделенді.

          Сонымен қатар, аудандық әскерге шақыру пунктінің дәрігерлік куәландыру жүргізілетін дәрігерлік құралдармен және шаруа мүліктерімен қамтамасыз етілуі тексерілді.

          Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Басқарма басшысымен мобилизациялық  дайындық пен әскери еспепке алу жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында нақты тапсырмалар берілді.

         

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1009143?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді