«Даму» Қоры биыл микро, шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен несиелейтін «Өрлеу» атты жаңа бағдарламаны іске қосуды жоспарлап отыр.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«Өрлеу» бағдарламасы отандық өндірістің шикізаты мен тауарларын пайдалануды көздейтін жобаларды қолдауға бағытталған.

Шарттары:
✔️ Қарыздың максимал сомасы:
▪️ инвестицияға — 7 млрд теңгеге дейін
▪️ 3,5 млрд теңгеге дейін — айналым қаражатын толықтыруға;
✔️ Сыйақы мөлшерлемесі — жылына 12,6%-дан аспайды;
✔️ Мерзімі: инвестицияға 10 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 3 жылға дейін, артылған сома – қайта қаржыландыруға бөлінеді.

«Өрлеу» бағдарламасы өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау, туризм, білім беру, денсаулық сақтау сияқты экономиканың басым секторларына жеңіл несие беру арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-rudnyi-kalasy-akimat/press/news/details/1009140?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді