Биыл облыста 10 481 түлек мектеп бітіреді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл облыста 10 481 түлек мектеп бітіреді

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде таяуда қорытындылатын оқу жылы мен мектеп бітіруші түлектерге арналған мемлекеттік емтихандарды өткізу мәселесі талқыланды.

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, биыл 11-класты 10 481 түлек тәмәмдайды, ал 15 721 оқушы 9-класты яғни, негізгі мектепті аяқтайды.

Олардың кейбіреуі оқуын 10-класта, ал қалғандары колледждерде жалғастырады.

Биыл оқу жылы жылдағы дәстүрмен 34 аптаға созылды және мектеп оқушыларының көпшілігі үшін соңғы қоңырау 23 мамырда соғылады. Бұл күні барлық білім ошағында «Білімім – Отаныма!» бірыңғай сынып сағаты өтетін болады. Оқушыларға «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары туралы айтылып, жазғы каникул кезінде оқуға арналған әдебиеттер тізімі ұсынылады, үйірмелер мен секциялардағы қауіпсіз мінез-құлық, еңбек пен белсенділіктің пайдасы туралы мағлұмат беріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1009126?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді