
31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлеріне Долинка кентіндегі «КарЛаг» саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Сапар барысында ТЖД қызметкерлері әр қабырғасы тарихтан сыр шерткен музейдің алаңындағы ескерткіш алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
КарЛаг — еліміздің тарихындағы қасіретті жылдардың үнсіз куәсі.
Зұлмат заманның зардабын тартып, жазықсыз жапа шеккен ата-бабаларымыз бүгінгі және келешек ұрпақтардың жадысынан мәңгіге өшпейтіні сөзсіз.
Қарағанды облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1008821?lang=kk

Жауап қалдыру