Балаларды қорғау күні: Астанада инклюзивті спорттық жарыстар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балаларды қорғау күні: Астанада инклюзивті спорттық жарыстар өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың Паралимпиадалық жаттығу орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті спорттық жарыстар өтті. Іс-шара мұндай балаларды спортпен тұрақты айналысуға тартуға бағытталған стратегиялық бағдарламаның бір бөлігі болды.

Биыл дәстүрге айналған бұл жарыстарға 50-ден астам бала қатысты. Олар ата-аналарымен, жаттықтырушылармен, еріктілермен және қонақтармен бірге бұл күнді қуанышқа, қозғалысқа толы көңіл күйде өткізді.

Спорттық мерекенің арнайы қонағы – Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Давид Дегтярев болды.

Қазақстанның Ұлттық паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Боранбаев мұндай іс-шаралардың ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді және ынталандырушы орта қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті.

«Мұндай іс-шараларға қатысу мүмкіндігі – жай ғана көңіл көтеру емес. Бұл баланың өз тәжірибесінің құндылығын сезініп, өз күшіне сенуіне және қоғаммен байланысын сезінуіне жасалған қадам», — деді ол.

Көңілді жарыстар Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының қолдауымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1008793?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді