
Мұнайлы өлкеде “Атырау Этно Fest”
іс-шарасы ұйымдастырылды. Алғашқы күні этноауыл таныстырылымы өтсе, фестиваль соңы гала- концертпен қорытындыланды.
Кеш бойы 7 аудан, қаладан жиналған өнерпаздар көрерменге рух пен жігерге толы өнер тарту етіп, ұлттық мұраның көркем көрінісін паш етті.
Домбыра күмбірі, әуелеген ән, мың бұралған би – бәрі-бәрі тамыры терең төл өнердің айғағындай әсерлі сәт сыйлады.
Этноауыл алаңындағы әр киіз үй – бір-бір шежіре. Ата-баба мұрасын бүгінгі ұрпаққа аманаттаған бұл мәдени-танымдық жоба ұлттық құндылықтардың алтын көпіріне айналды.
Жасақталған көрмелер – көненің көзі,
жәрмеңкелер – бүгіннің берекесі, ал
сахна – сан ұрпақты жалғаған алтын арқау.
Арнайы комиссия мүшелері әр аудан тіккен киіз үйге кіріп бағалау, сараптама жұмыстарын жүргізді.
Үздіктер қатарынан Мақат, Қызылқоға, Жылыой аудандары табылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1008729?lang=kk

Жауап қалдыру