
Бұл күні Қазақстанда тоталитарлық режим жылдарында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтар еске алынады. Көптеген адам бостандығынан айырылды, жер аударылды, қуғынға ұшырады немесе қорғау мен әділ сот құқығынсыз ату жазасына кесілді.
Бұл оқиғаларды еске алу – тарихтың маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар адам құқықтарын сақтау, әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етудің қажеттілігін еске салады.
Қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау – олардың тағдырына деген құрмет пен болашақ алдындағы ортақ жауапкершілікті білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1008717?lang=kk

Жауап қалдыру