Абай облысында «Халық заңгері» акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және тегін заң көмегін ұсыну.

Шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, прокуратура қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар мен сот орындаушылары қатысты. Олар тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріп, практикалық көмек көрсетті.

Акция Абай облысы әкімдігі, Әділет департаменті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қолдауымен өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1008695?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді