ҚР Көлік министрлігі Астана Халықаралық форумы аясында Қазақстан Республикасының көлік әлеуетінің тұсау кесерін өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі С. Жұманғарин қатысты. Сонымен қатар, отырысқа серіктес мемлекеттердің үкіметтері мен салалық ведомстволарының жоғары лауазымды өкілдері, оның ішінде Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Оверчук, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары Д.Амангелдиев, Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Ж.Ходжаев, сондай-ақ Ауғанстан Ислам Республикасының өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизи мырза қатысты.

Кеңес барысында негізгі инфрақұрылымдық жобалардың іске асу барысы, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, көлік саласын цифрландыру, сондай-ақ Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған әкімшілік шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды.

Көлік саласындағы өңірлік ынтымақтастықты арттыру, кедергілерді жою және көлік саясатын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар Орталық Азия өңірінде көлік тізбектерінің тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігердің қажеттілігін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша елдер арасындағы үйлестіруді одан әрі тереңдету туралы, сондай-ақ, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға қатысты үйлесімді және келісілген көзқарасты қамтамасыз ету жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1008406?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді