
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 10 маусым күні сағат 12.00 Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сіздерді сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- 2024 жылға арналған Жамбыл ауданы бюджетінің атқарылуы туралы, 2024 жылға арналған Архангелка, Благовещенка, Жамбыл, Казанка, Қайранкөл, Кладбинка, Майбалық, Мирный, Озерный, Первомай, Пресноредут, Преснов,Троицкий ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы;
- 2. Әр түрлі.
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 10 маусымда сағат 10.00-де өтеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1008400?lang=kk

Жауап қалдыру