Тұрғын үйге мұқтаж ретінде онлайн есепке алу мәртебесін қалай тексеруге болады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тұрғын үйге есепте тұрғаныңызды Отбасы банкінің orken.otbasybank.kz порталы арқылы онлайн тексерудің толық әрі түсінікті жолы:
1.  orken.otbasybank.kz порталына кіресіз.
2. Басты беттен «Есепке қою мәртебесін тексеру» деген батырмасын басыңыз.
3. Ашылған жолаққа ЖСН-ды (жеке сәйкестендіру нөмірін) енгізіңіз.
4.  «Тексеру» батырмасын басыңыз.
 -Егер кезекте тұрмасаңыз – жүйе бұл ЖСН бойынша ақпарат жоқ деп көрсетеді.
– Егер кезекте болсаңыз – кезегіңіздің мәртебесі, санаты, тіркелу күні және өзге де деректер толық көрсетіледі.
 Бұл – кез келген уақытта, ешқайда бармай-ақ өз мәртебеңізді тексерудің ыңғайлы тәсілі.
Егер сіз кезекте тұрсаңыз, порталға қайта тіркелудің қажеті жоқ!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-akt/press/news/details/1008256?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді