Әскери бөлімдер мен мекемелерді орналастыру нормалары бекітіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қорғаныс министрлігі қорғаныс ведомствосы басшысының «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын орналастырудың заттай нормаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.
Нормативтік құқықтық акт ҚР Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді. Бұйрық жобасы ҚР Қарулы күштерінің әскери бөлімдерін, мекемелері мен әскери оқу орындарын орналастырудың заттай нормаларын өзектендіреді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 24 ақпанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15434173

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/934073


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді