ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан орталығына ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ж.Сәрсен арнайы келіп, жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Айтулы іс – шарада департамент өкілі Президенттік жастар кадр резервіне қатысу талаптары мен Мемлекеттік басқару академиясында білім алудың артықшылықтары мен мансаптық өсуге ықпалы туралы мәліметтер берді.
Сондай – ақ, мемлекеттік басқару органдарының кадрлық әлеуетін жас мамандармен нығайту бағытындағы Агенттік бастамаларына тоқталып, мемлекеттік қызметке білікті де білімді жастардың қажет екендігін жеткізді.
Осыдан кейін, Жандос Шералыұлы азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындар тарапынан туындаған жұмысқа орналасу және мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік қолдаулар сынды сауалдарға толыққанды жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1007874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді