
🔸2024 жылы Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы университеттің студенттері Ақшоқы ауылдық округіне қарасты, ауыл орталығынан шамамен 3 км қашықтықта орналасқан аумақта археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын.
🔸Зерттеу барысында ерте темір дәуіріне жататын қорым анықталып, сол жерде ғылыми зерттеу жұмыстары атқарылды.
🔸Экспедицияға жетекшілік еткен – тарих ғылымдарының магистрі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің оқытушысы Үмітқалиев Дамир Берікұлы.
🔸2025 жылдың мамыр айында қорымға реставрациялық жұмыстар жүргізіліп, нысан толықтай қоршауға алынды.
🔸Қоршау жұмыстарын Қарағанды облыстық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау орталығы жүргізіп, Қазіргі таңда қорым мемлекет қорғауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1007288?lang=kk

Жауап қалдыру