Ақмола облысының педагогтері – республикалық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 26-27 мамыр аралығында Хромтау қаласында тау-кен металлургия саласының оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Аталған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Ақмола облысынан Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Құрмет Искандер қатысты.

Байқау барысында қатысушылар 7 түрлі модуль бойынша тапсырмалар орындады:

– нивелир көмегімен қашықтықты өлшеу

– тау-кен техникасын симулятор арқылы басқару

– өзін-өзі құтқару құрылғысын іске қосу,

– пневматикалық перфораторды бөлшектеу және жинау

– гидравликалық жүйені құрастыру және т.б. сынды практикалық тапсырмалар берілді.

Байқау қорытындысы бойынша Құрмет Искандер өзінің жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп, 1-орынды иеленді.

Сондай-ақ Ақтөбе облысында өткен тау-кен металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауына Степногорск қаласындағы Тау-кен техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары да қатысты.

Мейіркүл Дюсенбаева І орынды, ал Леонид Мельник ІІІ орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1006797?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді