Аудандық мәслихат депутаты М.Тастанбеков сайлаушылармен кездесу өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы 28 мамыр күні №9 сайлау округі бойынша сайланған аудандық мәслихатының депутаты Мұрат Солтанбекұлы Тастанбеков Байтоғас клуб үйінде сайлаушылармен кездесу өткізді. Кездесуде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап өтті. Атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілгеннен кейін, ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелер тыңдалды. Ауыл тұрғындары су мәселесі, жарықтың жиі өшуі  туралы сұрақтары мен ұсыныстарын жасады.
Депутат тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныстарды бақылауға алып, тиісті жергілікті атқарушы органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын жеткізді.Кездесу соңында аудандық мәслихат депутатына жыл бойында атқарылған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға беріп,келешекте ауылдың дамуына депутаттың үлес қосатынына сенімдерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-maslihat/press/news/details/1006775?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді