
Атырау облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының кинологиялық есептоптарына сертификаттау сынағы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – кинологиялық есептердің дайындық деңгейін тексеру, сыныптық біліктілікті растау.
Сертификаттау іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру үшін қызметтік иттердің дайындық деңгейін анықтау үшін міндетті болып табылады.
Аттестациялық тексеру үш кезең бойынша өткізілді:
І кезең – мойынсұну және ептілік.
ІІ кезең – қираған ғимараттар мен құрылыстардың үйінділері жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары.
ІІІ кезең – табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары.
І кезең Жедел-құтқару жасағының базасында өткізілді. Қатысқан үш бельгиялық құтқарушы иттер: Абрек, Гром, Ленгер кинологпен бірге мойынсұну және ептілікті анықтауға бағытталған жаттығуларды орындады. Әрбір жаттығу 5 балдық шкала бойынша бағаланды.
«Қираған ғимараттар мен құрылыстардың үйінділері жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары кезеңі» бойынша ІІ кезең Атырау қаласының Балықшы ауданында ескі қираған ғимаратта өткізілді. Әрбір кинологиялық есеп берілген аумақта 20 минут ішінде іздестіру аймағынан 3 зардап шегушінің екеуін табуы қажет. Іздестіру аймағы ескі қираған балабақша ғимараты болды, жалпы көлемі 6000 шаршы метр.
“Табиғи ортада зардап шеккен адамды іздеу” тақырыбы бойынша ІІІ кезең Атырау қ. Талғайран ауылында, Жайық өзенінің жағасында өткізілді. Құтқарушы иттер белсенді түрде зардап шегушілерді іздестірді.
Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша, белсенділігі мен кәсіби дайындығы үшін, үш кинологиялық есептоптар сертификаттаудың «А» классына өтіп, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге рұқсат алды.
Атырау облысы ТЖД
имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1006624?lang=kk

Жауап қалдыру