
28 мамыр күні аудан әкімі Мажит Самитовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Бірінші мәселе «Дене шынықтыру және спорт саласында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы» аясында атқарылған шаралар туралы.
Екінші мәселе экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың аудан көлемінде орындалуы мен қабылданған шаралардың тиімділігі туралы.
Үшінші мәселе Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдық округіндегі діни ахуал және діни экстремизмге қарсы жүргізілген профилактикалық іс – шаралардың нәтижелері жайлы.
Аудан басшысы баяндамашылардың ақпараттарын тыңдап, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу деңгейін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1006461?lang=kk

Жауап қалдыру