Ақпараттық парақшалар таратылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президенттік жастар кадр резерві жөнінде Бейнеу ауылының тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратылды және халық көп шоғырланатын орындарға орналастырылды.

Президенттік жастар кадр резерві – ел ертеңіне жауапты, білімді де білікті жас буынды мемлекеттік басқару жүйесіне тартудың маңызды құралы. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл жоба бүгінде көптеген жастың тағдырын өзгертіп, жаңа мүмкіндіктердің есігін ашты. Қазіргі таңда резервке енген жастардың 80%-ы мемлекеттік органдар мен ірі ұйымдарда қызмет атқарып жүр.

2025 жылғы іріктеуге қатысу – өзіңді көрсетудің, жаңа белестерге жетудің нақты жолы. Бұл тек байқау емес, елге қызмет етуге дайын, жауапкершілікті сезінетін, көшбасшылық қабілеті бар жастарға берілген сенім.

Үміткерді іріктеу талаптары:
– жасының 35-тен аспауы тиіс;
– жоғары білімінің болуы керек;
– кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы қажет;
– қазақ тілін В1 деңгейінен төмен емес меңгеру міндетті.

Құжаттар 2025 жылғы 1 маусым мен 30 маусым аралығында қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-beyneu/press/news/details/1006450?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді