Рұқсат беру бақылауын жүргізу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Басшының орынбасары А. К. Такеева және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің маманы  Г. Ж. Жұмағазина Петропавл қаласында, Е. Бөкетов көшесі,59 мекенжайында орналасқан                      ” Зерде-Фарма” ЖШС дәріханасында фармацевтикалық қызметке лицензияға қосымша алуға арналған нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан келісімді алу шеңберінде рұқсат беру бақылауын жүргізді.

        ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 қазандағы № ҚР ДСМ-148/2020 “Медициналық және фармацевтикалық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы” бұйрығына сәйкес Департамент қызметкерлері дәріхананың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексерді. Бақылау барысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға арналған сөрелердің, поддондардың, шкафтардың, сондай-ақ климаттық жабдықтардың (кондиционерлердің, температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын тіркеуге арналған аспаптардың) болуы мен жай-күйі тексерілді. Санитариялық-гигиеналық режимді сақтау үшін қажетті мүкәммалмен және өзге де қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуі қосымша тексерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-sko/press/news/details/1006304?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді