
Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында «KitapXAH» кітап оқыту әдісінің оқушылар арасында қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқау екі кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде оқушылар таңдап алып келген кітаптарын 6 минут көлемінде қорғап, кітаптың маңызды тұстарын қалың көпшілікке ұсына білді.
Екінші кезең Абай Құнанбайұлының өмір дерегі, шығармашылығы, қара сөздері турасында ой қозғайтын сұрақшалар негізінен тұрды.
Сайыс нәтижесінде Сарыағаш ауданында орналасқан №53 М. Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектептің 6 сынып оқушысы Қарлығаш Есен жеңімпаз атанып, Дана Дарханбай – №53 М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы,
№29 Ұлықбек атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Умида Акрамовалар ІІІ орынды иеленді.
🖼️ Байқау соңында Түркістан облысы білім басқармасының бөлім басшысы Дәурен Босымбаев және Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы, «KitapXAH» кітап оқыту әдісінің авторы Бақытжан Төлімбет қатысушыларға сәттілік тілеп, қорытынды кезеңге шыққан үміткерлерге «Алғыс хаттар» табыстады.
Сарыағаштық оқушылардың бұл жетістігі – білімге, кітапқа деген сүйіспеншіліктің, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Олар өз ауданын абыроймен танытып, жас ұрпаққа үлгі бола білді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1006282?lang=kk

Жауап қалдыру