Аягөз қаласына 5 жаңа автобус келді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аягөз қаласының қоғамдық көлік инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жалғасуда. Биыл аудан орталығында 10 жаңа автобусты іске қосу жоспарланған. Соның алғашқы легі – 5 автобус ауданға жеткізілді. 2 маусымнан бастап 5 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдай бастайды.

Жаңа автобустар заманауи талаптарға сай жабдықталған. Әр көлік электрондық билеттеу жүйесімен қамтамасыз етілген. Сыйымдылығы – 32 жолаушы.

Қазіргі уақытта аудан ішінде 8 автобус 5 бағыт бойынша тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Бұдан бөлек ауданаралық бағыттар бойынша Тарбағатай, Баршатас, Ақшәулі және Сарыарқа ауылдарына 7 автобус қатынауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1006259?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді