
Мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Оңдасыновтың 120 жылдығына орай Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Ұлы дала елі» орталығына қарасты «Нұртас Оңдасынов атындағы музей» филиалы жеке музей ретінде «Тұлғалар музейі» атауымен қайта құрылды.
Басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаев «Тұлғалар музейі» КММ-нің директоры қызметіне Ұлбосын Орынбайқызын тағайындап, қызметіне сәттілік тіледі. 2008 жылдан бастап музей саласында қызмет атқарып келген ол 1969 жылы 18 мамырда Түркістан қаласында дүниеге келген. 2012-2025 жылдары Нұртас Оңдасынов музей филиалының меңгерушісі қызметін атқарған.
2025 жылы елімізде объектілерге атау беру жұмысы уақытша тоқтап тұруына байланысты біртуар тұлғаның атауын муз
ейге беру әзірге мүмкін болмай тұр. Жол картасы бекітіліп, объектілерге атау беру рұқсат берілген соң бұл жұмыс бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Айта кетейік, 2004 жылы Нұртас Оңдасыновтың 100 жылдық мерейтойына орай ашылған музейде ХХ ғасырдағы қазақ ұлтынан шыққан аса көрнекті мемлекет қайраткері, еліміздің, ұлтымыздың тарихында өзіндік орны бар асыл азамат, өз заманының дара тұлғаларының бірі, лингвист, жазушы, Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың ұлттық тарихи мұралары, жәдігерлері, өмірнамалары, қолжазбалары, жеке басының пайдаланған заттар жинастырылып, арнайы экспозициялар жасақталған.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1006201?lang=kk

Жауап қалдыру