
Бүгін 10-15 жас аралығындағы журналистикаға қызығушылық танытатын оқушылар «AQJAÝIQ» телеарнасына экскурсия жасады.
📺 Экскурсия барысында балалар тікелей эфирдің қалай өтетінін, журналистер мен тележүргізушілердің жұмыс процесін көріп, телевидениенің қыр-сырымен танысты.
Бұл танымдық шара жасөспірімдерге медиа әлемінің ішкі жұмысы жайлы мол мағлұмат беріп, болашақ мамандықты таңдауға шабыт сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1006013?lang=kk

Жауап қалдыру