
Құрметті Қарғалы ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Соңғы күндері өңірімізде су айдындарында орын алған қайғылы оқиғалар баршаңызды алаңдатпай қоймайды:
– 2025 жылғы 18 мамырда Ақтөбе қаласындағы демалыс орталығында 2020 жылы туған бала суға батып, қаза болды.
– 22 мамыр күні Шалқар қаласында 2010 жылы туған, 9-сынып оқушысы суға кетіп, өмірімен қоштасты.
Осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында Қарғалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі барлық тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Құрметті ата-аналар! Жазғы демалыс басталуына байланысты балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, су айдындарында ойнауға рұқсат бермеңіздер!
Назар аударыңыздар! ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 364 және 412-баптарына сәйкес, тыйым салынған жерлерде суға шомылу үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұл үшін балалардың ата-аналары жауапқа тартылады.
Су — кешірімсіз! Қауіпсіздік — әркімнің жеке жауапкершілігі!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1005942?lang=kk

Жауап қалдыру