29 мамырда ТЖМ үйлестіруімен ауқымды балаларға арналған іс-шаралары өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасы аясында елімізде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қазақстан балалары» атты ауқымды мереке өтеді.

  29 мамырда ТЖМ іс-шаралары еліміздің барлық өңірлерінде «Балалардың қауіпсіздігі-басты назарда» ұранымен өтеді.

  Бұл күні барлық өңірлерде балаларға арналған шеберлік сыныптары, конкурстар, ойындар, оқу-жаттығу сабақтары, құтқару бөлімшелеріне экскурсиялар, заманауи құтқару құралдарын, техника мен жабдықтарды көрсету және т. б. ұйымдастырылады.

  Іс – шаралардың негізгі мақсаты-балаларда қауіпсіздік, адамгершілік және патриотизм мәдениетін қалыптастыру, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелерінің маңыздылығын түсіну, алғашқы көмек көрсету дағдыларын дамыту, жарақаттану мен өлімнің алдын алу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1005857?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді