
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасына сәйкес 27 мамырда «Көкшетау» РМУ ГНПП Айыртау филиалының Дендросаябағында жергілікті билік өкілдерімен ашық диалог ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сенімді қарым-қатынас орнату, коммуникативті дағдыларды дамыту, балалармен қарым-қатынастың жаңа деңгейіне шығу. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірден жауап алды. Ашық диалогтан кейін оқушылар мен өкілдер саябақты аралап, естелік суретке түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1005770?lang=kk

Жауап қалдыру