
Темір ауылында көптен бері көтеріліп келе жатқан өзекті мәселелердің бірі – ашық жатқан жер асты су ұңғымаларының жағдайы оң шешімін тапты. Бұл ұңғымалар ауыл маңында жайылатын ірі қара малды ауыз сумен қамтуға көп көмегін тигізіп келген болатын. Соңғы жылдары техникалық ақаулар мен табиғи ластануға байланысты бұл су көздері қысымы азайып, істен шығып, шаруалар үшін үлкен қолайсыздық тудырған еді.
Жыл басында өткен аудан әкімі Жолдыбай Қайрат Жолдыбайұлының халықпен кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан көтеріліп, аталған мәселе хаттамалық тапсырмаға тіркеліп, Темір ауыл округі әкімдігінің бақылауында болды. Қажетті шараларды қолға алу мақсатында ауыл әкімдігі «ЗАРЕЧНОЕ» БК ҚРК» АҚ-на жер асты су ұңғымаларын техникалық тексеруден өткізу және оларды тазарту жұмыстарын жүргізу үшін ресми түрде өтініш жолдаған болатын.
Нәтижесінде, кәсіпорын тарапынан арнайы техника мен мамандар бөлініп, ауыл аумағындағы үш жер асты су ұңғымасына тексеру және компрессормен үрлеу арқылы тазарту жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда барлық үш ұңғыма толықтай тазартылып, қайтадан ауыл тұрғындарының игілігіне берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1005763?lang=kk

Жауап қалдыру