
«Кітап – білім бұлағы, отбасы – алтын қазына»
2025 жылғы 22 мамыры Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Теміртау қаласындағы Ғ. Жұбанова атындағы балалар өнер мектебі базасында «Бір отбасы – бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауының ақтық кезеңі өтті.
«Білімнің бастауы – кітап, ал отбасының тірегі – бірлік» деген ұстанымды ұстанған қатысушылар өз өнерлерімен ерекшеленді. Байқауға Шахтинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінен Багировтар отбасы және Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінен Аманжоловтар отбасы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар мен номинациялар тағайындалды:
📚 3-орын – Багировтар отбасы, «№2 ЖББМ» КММ. Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі И.А.Шестопал;
🎭 «Өнерлі отбасы» номинациясы – Аманжоловтар отбасы, «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ. Жетекшілері: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Орынбасаров М.А, Мухаметжанова Н.М.
«Кітап – ақыл ойдың азығы» дегендей, бұл байқау отбасылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін және рухани құндылықтарға деген адалдығын тағы бір мәрте айқындады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-shahtinsk/press/news/details/1005761?lang=kk

Жауап қалдыру